1.03.2024, 23:36
Оқылды: 19

Қаратөбе ауданында Алғыс айту күніне орай дөңгелек үстел өтті

Қаратөбе аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің мәжіліс  залында 1 наурыз - мерекесіне арналған «Алғыс айту - асыл қасиет» атты мерекелік дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелге аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев және еңбек ардагерлері, әр салада еңбек етіп жүрген еңбек адамдары арнайы шақырылды.

12

Алдымен сөз алған аудан басшысы арнайы шақырылған қонақтарды көктемнің алғашқы шуақты күнімен тұспа-тұс келген «Алғыс айту» күні мерекесімен құттықтады.

– 2016 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің №173 жарлығымен 1 наурыз «Алғыс айту күні» деп жарияланған болатын және бірліктің бірегей институты саналатын Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылғанына да биыл жиырма тоғыз жыл болып отыр.

Алғыс айту күні – қиын-қыстау заманды иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күні. Бүгінде ауданымызда өзге ұлт өкілінен 19  отбасы тұрақтап еңбек етуде. Олар аудан халқымен етене араласып, қазіргі таңда Қазақ тілін еркін меңгеріп, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерімізді ұстанып, ауданымыздың дамуына өз үлестерін қосуда.

Алғыс айту күні өте ерекше күн болуы керек деп ойлаймын. Адамдар осы күні бір-біріне мейірімділік танытып, қадам жасаған сайын істеген ісіне, қасындағы ата-анасына, жарына, жолдастарына, баласына алғыс айтудан бастау керек.

Кез келген қысылтаяң шақта ел ішіндегі бейбітшілік пен тұрақтылықты бекемдей біліп, ұлт пен ұлыстар арасындағы ынтымақтастықты нығайту арқылы межелеген мақсаттарымызға жету, Қазақстан халқы үшін өте маңызды.

Баршаңызды Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған - барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына бірлік пен мейірімге үндейтін мерекеміз – Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Отбасыларыңызға амандық пен дендеріңізге саулық тілеймін, - деді Қадыржан Орынбасарұлы.

11

Дөңгелек үстел еркін форматта әңгіме түрінде өрбіді. Бірі әр салада еңбек етіп, бүгінде зейнеткерлік демалыста болса, бірі сол ел ортасында еңбек етіп жүрген азаматтар дастархан басында барша аудан халқын осы айтулы мерекемен құттықтап, аудан басшысына ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

10

Жиын соңында барша қонақтарға аудан әкімінің «Алғысхаты» мен сый-сыяпаттары табыс етілді.

Бекжан Қойшекенов,

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале