7.02.2024, 23:42
Оқылды: 27

Қаратөбе ауданында ауыл әкімдерінің есеп беру кездесуі өтті

Қаратөбе ауданы әкімі мен ауылдық округ әкімдерінің ауыл тұрғындары алдындағы есеп беру кездесуі жылдағы дәстүрге сай ауданның солтүстік бағытындағы Егіндікөл, Қоскөл және Жусандыой ауылдық округтерінде жалғасын тапты.

IMG_2749 (1)

Кездесуде округ әкімдері жыл ішінде атқарылған жұмыстары туралы есеп берді. Аталған округтерде ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, әлеуметтік, денсаулық сақтау, мәдениет пен спорт салаларында атқарылған шаруалар жетерлік.

IMG_2720 (1)

Сонымен қатар, округтерде мал тұқымын асылдандыру, әлеуметтік жұмыс орындарын ашу, қайырымдылық шараларын өткізу, ауыл тазалығын сақтау, абаттандыру сынды жұмыстар оң шешімін тапқан.

Алдымен Егіндікөл ауылдық округінде өткен кездесуде округ әкімі Екпін Тналиев өткен жылы атқарылған жұмыстарды баяндады.

Кездесуде сөз алған аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев ауыл тұрғындарына «Ауыл аманаты» жобасы барлық ауылдарда жүзеге асатындығын, мемлекет тарапынан түрлі жобаларға бөлінетін қаржыны игеру бағытында жұмыстану қажеттігіне баса мән берді. Ауыл халқын елді мекендерде тұрақтандыру мақсатында қолға алынып жатырған «Қаладан – ауылға» жобасына атсалысуға шақырды. Сонымен қатар, ұжымдық бақша егуді де қолға алу және аудан бойынша электр бағаналары биылдан бастап кезең-кезеңімен жаңғыртылатындығы атап өтілді.

Кездесуде Егіндікөл ауылының тұғындары ауылда электр жарығы өшкенде ұялы байланыс қызметі де жасамай қалатындығын айтып, мәселе көтерді.

Одан соң Қоскөл ауылдық округінде жалғасқан есептік кездесуде округ әкімі Әділет Мусағалиев жүзеге асырған тың жобаларға тоқталып өтті.

Қоскөлдегі кездесуде округтегі ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Нығыметов округтегі пошта байланысының нашарлығына, елді мекен аумағындағы газ құбырының ақаулары мен электр желілерінің тозуына байланысты бірқатар мәселелерді көтерді.

Түс ауа Жусандыой округінде өткен халықпен жүздесуде округ әкімі Бекболат Бақытжанов есепті кезеңдегі атқарылған жұмыстарын баяндап берді.

Жусандыой халқымен жүздесу барысында тұрғындар атынан сөз сөйлеген Ғабдрахман Бисеғұлов, Қаныбек Ғиниятовтар аудан, ауылдық округ әкімдерінің жұмысына оң баға беріп, «Қаладан- ауылға» жобасы аясында Ханкөл ауылынан үй салуға ұсыныс тастап, Ханкөн ауылына көше шамдарын орнату, ауыл шетіндегі қоқыс полигонын жинастыру мәселесін көтерді.

IMG_2776

Есептік кездесулер соңында аудан әкімі Қадыржан Орынбасарұлы тұрғындардың жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді.

Серікбай Хасанов,

Қаратөбе ауданы 

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале