12.11.2021, 22:46
Оқылды: 38

Қаратөбеде ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтті

Қаратөбе ауданындағы орталық базарда аудан еңбеккерлерінің ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтті.

EBD74B54-9E58-4EA7-8405-F3FB87AE2708

Ауылшаруашылық жәрмеңкесін өткізу ауыл тұрғындарына нарық бағасынан арзан және сапалы өнім алуға мүмкіндік береді.

Жұма күні орталық базарға асыққан аудан тұрғындары табиғи таза өнімдерді сатып алуға тырысты.

Нарықтағы бағаға қарағанда жәрмеңкедегі өнімдер қолжетімді бағамен халыққа ұсынылды.

Жәрмеңкеде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер жылқы, сиыр, қой, құс еттерін және тары, талқан, сүт өнімдерін саттыққа шығарды.

D6E9B40D-39A8-406E-BA7E-E6B67228F802

Аудан тұтынушыларына жәрмеңкеде мал азығы қарабидай, ақбидай, ячмень, кебекті де сатуға әкелінді.

Сондай-ақ, бұл жәрмеңкеде қыз жасаулары, қолөнер шеберлері жасаған ат әбзелдері де сөреге қойылды.

13947C4D-DAC6-4014-B670-E885A6F28D13

Әр ауылдық округтен тұрғындар арнайы жәрмеңкеге келіп, қолдан өндірілген табиғи өнімдерін саттықа әкеліп, тұтынушыларға ұсынуда. Ауылшаруашылық жәрмеңкесін алдағы уақытта да ұйымдастыру ойда бар. Ауыл еңбеккерлері өнімдерін өткізіп, тұтынушылардың сұранысын қанағаттандырса халыққа да тиімді болар еді, - дейді аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Мербол Есендосов.

9179A985-C5C2-44D1-AAAC-3EE669DD29FB

B29F9EAA-E32B-4BA3-9FFD-1333729295A2
5F48512C-7E54-482C-ABF4-D9745AEE6C7E
Серікбай Хасанов,

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале