20.05.2021, 10:09
Оқылды: 98

Қаратөбеде ұлттық спорт түрлерінің жанашырлары бас қосты

Қаратөбе ауданында БҚО ұлттық спорт түрлерінің президенті және Ұлттық спорт түрлері бойынша облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Ерболат Байбатыров пен Жәнібек аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Орынбасар Гилымов аудан басшылығымен кездесті.

1

Кездессуде аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ғалымгерей Қайырғалиев сөз, спорт саласының майталмандарына ризашылықтарын жеткізді.

2

Ал аудандық мәдениет үйінің базасында спорт саласының маңдайалды мамандары мен спорт әдіскерлері, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері бас қосып, ұлттық спорт түрлері бойынша өзара пікір алмасты.

4

Озық тәжірибелерін ортаға салып, ауданға ат басын тіреген меймандарға аудандағы ұлттық ат спорт түрлерінің жанашырлары алғысын білдірді.

 

Ертай Бимұханов,

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале