28.08.2019, 10:37
Оқылды: 562

Қаратөбеде жаңа тарихи-танымдық кітап жарық көрді

Қаратөбеде «Ізгілікті із...» атты тарихи-танымдық шежіре кітабының таныстырылымы өтті.

 1dba8088-cb91-45bc-b732-60a4767fee72

Кітап Қаратөбе аудандық білім бөлімінің қолдауы және ҚазССР халық ағарту ісінің үздігі, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, «Ы.Алтынсарин» атындағы төсбелгі мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Абай Мұхитовтың жетекшілігімен жарық көрді.

Абай Шыныбекұлы кітаптың мазмұнымен таныстырып өзі жетекшілік жасаған редакция алқасына, аудан басшылығына, білім беру бөліміне ризашылығын білдірді.

1 - копия

Аудан және ауданның білім саласы тарихын, аудан ұстаздарының елеулі еңбегінің 90 жылдан астам уақыты дәріптелген кітаптың лентасын аудан басшысы Жанат Асантаев пен редакция алқасының жетекшісі Абай Мұхитов қиды.

Редакция алқасының жетекшісі кітаптың бір данасын салтанатты түрде аудан әкіміне табыс етті. Аудан басшысы басылымды шығарған редакция алқасы мен оның жетекшісіне ілтипат білдіріп, алғыс хатпен марапаттады.

Ерболат Райсов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале