15.12.2020, 11:21
Оқылды: 42

Қаратөбеде жаңа жинақтың тұсаукесері өтті

Қаратөбе аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде  өткен жылдың маусым айының 26-27-сі күндері  аудан әкімдігінің қолдауымен республикалық деңгейде ұйымдастырылған экспедиция нәтижесінде жарық көрген «Тарихқа аты мәлім Қаратөбе» жинағының таныстырылымы өтті.

 131515639_2832625900392227_3619097645618340537_n

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мен «Мұхит жастары» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған аталмыш экспедицияға қатысушы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұртас Сафуллин, Мұхит Мералиев атындағы аудандық тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі Нұрлан Меңдешов, онлайн байланыста  ой-пікірін ортаға салған Батыс  Қазақстан  аграрлық-техникалық университеті жанындағы Жәңгір хан музейінің меңгерушісі Нұржан Төлепов аталмыш жинақтың маңыздылығына тоқталды.

131620358_2832626010392216_793456091478275118_n

Қаратөбе өңіріндегі тарихи орындар мен кешендер, ғасырлардан бүгінге дейін жеткен ескерткіштер мен ықылым заманнан қалған құнды жәдігерлер, туған өлкенің киелі жерлері туралы баяндалған  «Тарихқа аты мәлім Қаратөбе» атты жинақтың тұсаукесер рәсімін аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұртас Набиоллаұлы мен музей меңгерушісі Нұрлан Құмарұлы жүргізді.

Шарада экспедиция туралы бейнекөрсетілім тамашаланды.

«Рухани жаңғыру» кеңсесінің жетекшісі Айгөлек Андирова «Рухани жаңғыру» аясында ауданда жарқын істердің алда да жалғасатындығын айтып, шараға қатысушыларға зор ризашылығын білдірді.

 

Ерболат Райсов,

                                                          Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале