6.12.2023, 19:00
Оқылды: 28

Қаратөбелік тұрғындар жол азабын тартуда

Бүгін Қаратөбе ауданына жұмыс сапарымен келген «АМАNAТ» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Азамат Сафималиев пен Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Ақылбек Сағитов «АМАNAТ» партиясының аудандық филиалы ғимаратында аудан тұрғындарын қабылдады.

Қабылдау АМАНАТ1

Қабылдауға ауданның Аққозы ауылдық округінен аудандық мәслихат депутаты Қалимұрат Сариев, ауыл тұрғындары Сағидолла Темірбеков пен Дидарбек Мұзафаров және Шөптікөл ауылының тұрғындары Марат Тажаяқов пен Думан Абдрахмановтар келіп ауыл тұрғындарының жол азабын көріп отырғандығын жеткізді. Жол салуды жауапкершілігне алған «Тоби» ЖШС жетекшісі Меңдіғали Рахметовтың Шөптікөл ауылына қатынасатын жолды аяқтамай, соның салдарынан бүлінген жолдан Орал қаласына қатынасатын аутобустың ауылға кіре алмайтындығын айтса, аққозылықтар да осы жол мәселесінің қиындығын алға тартты.

Қабылдау АМАНАТ 3

Жол жөндеуді қолға алған мердігер «Старт строй сервис» компаниясының жетекшісі Ғани Бекеновтың тиісті жұмысты толық атқармағандығынан жол қатынасының нашарлап, ауыл халқының жол азабын көріп отырғанын айтып, дабыл қақты.

Азамат Сафималиұлы мен Ақылбек Темірболатұлы жол мәселесі туралы мердігерлермен және тиісті құзырлы орындармен сөйлесетіндіктерін жеткізді.

Қабылдауға аудандық мәслихаттың төрағасы Нұрлан Меңдешов, «АМАNAТ» партиясының Қаратөбе аудандық филиалының төрағасы Абат Зейнуллин, аудандық тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Нұрбек Ақсұлтанов қатысып, жол мәселесіне қатысты ой-пікірлерін ортаға салды.

Ерболат Райсов, 

Қаратөбе ауданы 

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале