23.08.2021, 11:36
Оқылды: 59

Қаратөбеліктер ауыл тазалығына атсалысты

Өткен апта басында «Бәрі ауылымыз үшін!» ұранымен «Қаратөбе еріктілері» тобы құрылған болатын. Туған жердің тазалығына мән беру, мұқтаж жандарға қайырымдылық жасау мақсатында құрылған топ белсенділері фейсбук әлеуметтік желісінен парақша да ашты.

11

Еріктілер тобы жұма күнгі жұмыстан соң жиналып, тазалық жұмыстарын жүргізді. Қолдарына құрал-саймандарын ала шыққан ерікті тұрғындар аудан орталығындағы Қ.Жұмалиев және Мұхит көшесінің бойындағы жаяу жүргінші жолдарының жанындағы арамшөпті жұлып, қоқыстарды тазартты.

44

Бастамаға қатысушы еріктілер әп-сәтте екі көше бойын арамшөптерден тазартып, тазалық жұмысына арнайы шығарылған техникаларға тиеп жіберді.

Еріктілердің жұмысына риза болған көше тұрғындары қазақтың ұлттық тағамы көже мен тәттілерден дәм ұсынды.

Серікбай Жәлелұлы,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале