23.08.2026, 7:00
Оқылды: 38

Қаратөбеліктер Құрылтай депутаттарын сайлауға белсенді қатысуда

Бүгін, 23 тамыз елімізде Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы өтуде. Осыған орай Қаратөбе ауданының орталығындағы №277 сайлау учаскесінде таңғы сағат 7:00-ден бастап тұрғындар өз таңдауын жасап, сайлауға белсенді қатысып жатыр.

image-23-08-26-07-08-3

Сайлау учаскесінің ашылу салтанаты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындаумен басталды. Салтанатты жиында №277 сайлау учаскесінің төрағасы Берікжан Ғарапшиев сөз сөйлеп, дауыс берушілерге сәттілік тіледі. Ол бүгінгі сайлаудың ел болашағы үшін маңызы зор екенін атап өтті.

Берікжан Ғарапшиевтің айтуынша, №277 сайлау учаскесінде барлығы 1475 сайлаушы тіркелген. Таңсәріден учаскеге келген тұрғындардың белсенділігі бірден байқалды. Азаматтар өздерінің конституциялық құқықтарын пайдаланып, Құрылтай депутаттарын сайлауға өз үлестерін қосуда.

Сайлауға алғашқылардың бірі болып қатысқан қаратөбелік тұрғын Бауыржан Жамбылов өз таңдауын жасады. Белсенді сайлаушыға сайлау комиссиясы атынан арнайы сыйлық табысталды.

image

Жалпы, №277 сайлау учаскесінде дауыс беру үдерісі белгіленген талаптарға сай ұйымдастырылған. Сайлаушылардың өз таңдауын еркін білдіруі үшін барлық қажетті жағдай жасалған.

Айта кетейік,  Қазақстанда алғаш рет Құрылтай депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Сайлау нәтижесінде бес жылдық мерзімге Құрылтайдың 145 депутаты сайланады.

 

 

Р. Абай,

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале