20.11.2022, 12:37
Оқылды: 38

Қаратөбеліктер өз таңдауларын жасауда

Қаратөбе ауданы бойынша 19 учаскеде Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы өтуде.

WhatsApp Image 2022-11-20 at 12.36.11

Таңғы сағат 7.00-де №278 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Айбат Омаров маңызды саяси науқан ҚР Президентінің сайлауының ашылғанын жариялады.

Сайлаудың ашылу салтанатында әнұранымыз орындалып, егде дауыс беруші Мәулен Қожахметов сөз сөйлеп, сайлауға қатысушыларға сәттілік тіледі. Ең бірінші дауыс берген ауыл тұрғыны Алмагүл Рахметоваға сыйлық табысталды.

WhatsApp Image 2022-11-20 at 12.36.37

20 қарашадағы Президент сайлауына орай Қаратөбе ауданының орталығындағы №278 Жаңақоныс сайлау учаскесінде таңғы сағат 7.00-ден бастап тұрғындар өз таңдауларын жасап, дауыс беруде.

Ерболат Райсов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале