ТЖД өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырады
8 Тамыз 2022

ТЖД өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырады

Қазақстанда рейстер кешіккен жағдайда жолаушыларға төленетін өтемақы өсуі мүмкін
8 Тамыз 2022

Қазақстанда рейстер кешіккен жағдайда жолаушыларға төленетін өтемақы өсуі мүмкін

Банктердің экономикадағы маңыздылығы артып келеді – Ұлттық Банк
8 Тамыз 2022

Банктердің экономикадағы маңыздылығы артып келеді – Ұлттық Банк

Қамкөңіл  жандарға  қамқорлық  күшейе ме?
8 Тамыз 2022

Қамкөңіл жандарға қамқорлық күшейе ме?

Жаңа тағайындау
8 Тамыз 2022

Жаңа тағайындау

Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында жастарды қолдау бойынша жаңа жоба іске қосылады
8 Тамыз 2022

Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында жастарды қолдау бойынша жаңа жоба іске қосылады

Қаратөбеліктер республикалық сенбілікке үлес қосты

Қаратөбе ауданында «Бірге! «Таза Қазақстан» жалпыхалықтық республикалық сенбілік акциясы өтті.

InShot_20220704_120956567

Тазалық жұмысына аудан және ауылдық елді мекендерде шоғырланған барлық мекеме ұжымдары қатысып, ауыл тазалығына үлестерін қосты. Акция аясында елді мекен төңірегі, мекеме аумақтары және тұрғындар демалатын саябақтар жабайы шөптер мен босаған шыны, қағаз, целлофандардан тазартылды.

Аудан орталығында орналасқан «Астана» саябағы мен «Орталық саябақ» ерекше күтімді қажет етуіне байланысты тазалық жұмыстарын жүргізуге мекеме қызметкерлері көптеп тартылды. Тазалық жұмысы өткен ауылдық елді мекендерге тоқталсақ,  Қоскөл ауылдық округінде 61 адам қатысып, 3 тоннаға жуық қалдық шығарылды. Ал Жусандыой ауылдық округінде 62 адам қатысып, 2 тонна қалдық шығарылды. Басқа ауылдық округтерде де  мекеме қызметкерлері мен еріктілер, ауыл тұрғындары тазалыққа  атсалысты.

Сенбілікке ауылдық елді мекендерді қоса есептегенде жалпы саны 650 адам қатысып, 8 ауылшаруашылық техникасы жұмылдырылды. Жиналған барлық қоқыстардың жалпы көлемі 7 тоннаға жуық. Тазалық жұмыстарынан шыққан қалдықтар арнайы белгіленген қоқыс полигонына төгілді.

Әмірбек  Жәнібеков,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале