24.02.2021, 12:47
Оқылды: 54

«Қарекеттің» жаңа жобасы Айшаға арналмақ

Республикалық «Қарекет» қайырымдылық қорының облыстағы өкілі Демежан Меңдешов және «Ізгі жол» еріктілері арнайы келіп, Айша Есмагулованың хал-жағдайын біліп, сый-сияпат табыстады.

37F6EB11-EB6C-4E18-9357-CDA81CEAD3AE

«Қарекет» республикалық қайырымдылық қоры бұған дейін мұқтаж жандарға баспана алып берумен айналысып келгені белгілі. Енді қор жаңа жобаны қолға алыпты. Жаңа бастама арқылы алғашқы көмек Айшаға көрсетілетін болады. Нақты қандай жоба, қандай көмек екенін Демежан Меңдешов әзірге құпия деп отыр. «Ізгіжолдықтар» Айша Асылбекқызына дәрі-дәрмекпен  де қол ұшын созуға мүдделі.

E1AE9884-B0B5-40E2-9615-131595C8B80B

Айта кетейік, кішкентай бүлдіршін Айша Асылбекқызы Ресей Федерациясының астанасы Мәскеу қаласына ішегіне ота жасатуға наурыз айының ортасында жол жүруі тиіс. Қажетті  сома әлі толықтай жиналған жоқ. Айшаның аман-есен отадан өтіп келуіне жәрдем беремін десеңіз, анасы Сымбат Жұмабаеваның Каспий голд нөмірі: 5169497162747962 және 87771810963.

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале