3.10.2022, 20:42
Оқылды: 35

Қарияларға құрмет көрсетілді

Бүгін Қаратөбе ауданының Қоскөл ауылдық округіне жұмыс сапарында аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев Қариялар күні мерекесіне орай ұйымдастырылған салтанатты іс-шараға қатысты.

Мерекелік шарада Қоскөл ауылдық округінің әкімі Әділет Мусағалиев қарияларды мейрамдарымен құттықтап, қонақтарға сөз ұсынды.

InShot_20221003_203338417
Аудан басшысы Қадыржан Орынбасарұлы мен аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Құмарұлы округтегі қазыналы қарияларымыздың ел экономикасының дамуына қосқан елеулі еңбектері туралы әңгімелеп, келешек ұрпақ тәрбиесіне үлкен көңіл бөлетін аға ұрпақ өкілдеріне мерекелік жылы лебізін білдіріп, баянды ұзақ ғұмыр тіледі.
Әртүрлі салада еңбек етіп, бейнеттің зейнетін көріп отырған ақылгөй ақсақаладырымыз бен ақ жаулықты әжелеріміз өз кезегінде сөз алып, өздеріне құрмет көрсетіп, жылы лебіздерін айтқан аудан, ауыл әкімдеріне, мәслихат хатшысына, округтегі мәдениет, білім беру, әлеуметтік салалар басшыларына ризашылықтарын білдірді.

InShot_20221003_203400995
Мәдениет үйінің көркемөнерпаздары Амантай Мырзағалиев, Нұржан Шадияров, мәдениет үйінің меңгерушісі Әділбек Ажғалиев ауыл қарияларына арнап сазды сәлемдерін жолдады.
Өнерден құр алақан емес аға ұрпақ өкілдері де дастарқан басында өздерінің өнегелі әңгімелерін айтып, ән шырқап, өнерлерін ортаға салды.

Ерболат Мырзағұлұлы,

Қаратөбе ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале