30.09.2022, 23:16
Оқылды: 31

"Қарттарымыз-қазынамыз"

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Артур Шерғалиев, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Ерлан Сәрсенов, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Кенжегүл Исатаева, “Қайсар” спорт клубының директоры Ерболат Мұқанов 1-қазан Қарттар күні мерекесі қарсаңында ауданда өзіндік қолтаңбасын қалдырған ардагерлерді құттықтап, үйлеріне арнайы барды.

image-30-09-22-08-25-5

Мереке қарсаңында ардагер ұстаз Райса Тәжмұқанова, ақын, ардагер ұстаздар Кама Хабиева, ұзақ жылдар мәдениет саласының ардагері қызметінде болған Раулия Ғалымова, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ардагері Разия Сараевалар аудан әкімдігі тарапынан құрметке бөленді.

image-30-09-22-08-25-2

-Қарттарымыз-біздің қазынамыз. Сіздердің аудан тарихында алар орындарыңыз бөлек. Саналы ұрпақтың тілеуін тілер ардагерлеріміздің амандығы біз үшін қымбат,-деп ақжарма тілегін білдірді Артур Мұратұлы.

Айжан Бауыржанқызы,

Сырым ауданы
zhaikpress.kz
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале