14.05.2024, 22:30
Оқылды: 18

«Қарызсыз қоғам» болуға ұмтылайық!

Подстепный ауылдық мәдениет үйінде «AMANAT» партиясы арқылы жүзеге асып жатқан «Қарызсыз қоғам» қаржылық сауаттылықты арттыру жобасы аясында оқыту курсы өтті.

image-14-05-24-06-32 (1)

Өткен жылдан бері аудан орталығы мен Құмақсай, Долин ауылдық округтерінде өткен бұл жоба барлық ауылды қамтиды. Бүгінгі жиынның қатысушылары — округ әкімдері.

«AMANAT» партиясы Теректі аудандық филиалының атқарушы хатшысы Мирхат Ибраев, аталмыш жоба менторы Назгүл Шарафутдиноваға алғысын білдірді.

– «Қарызсыз қоғам» жобасының негізгі идеясы — халықтың қаржылық сауатын арттыру. Сол мақсатта «Amanat» партиясы мен «Халық банкі» арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюы нәтижесінде бұл жоба жарыққа шықты.

Халық үшін тиімді жобаны түсіндіруді округ әкімдерінен бастап отырмыз. Кейін тұрғындарға да сабақ өтеді. Осыған дейін де бірнеше ауылда бұл жоба ұйымдастырылғанын айта кеткен жөн. Кімде несие бар, отбасы бюджетін қалай дұрыс жүргізу керек, тағы да басқа бағыттар бойынша сұрақтарға жауап ала аласыздар,—деді Мирхат Мақсотұлы.

IMG-20240514-WA0031

Жоба менторы Назгүл Шарафутдинова да қаржылық сауаттылықты білудің мән-маңызына егжейлі-тегжейлі тоқталды.

– Жобада қаржылық сауаттылықты арттыра отырып, отбасылық бюджетті жоспарлау бағыттары, кәсіп ашу жолдары үйретіледі. Сонымен қатар бүгінде әсіресе ауыл тұрғындарына Үкімет тарапынан берілетін неше түрлі жеңілдетілген несиелер, субсидиялар бар екендігі жөнінде және оларды алу жолдары түсіндірілді,- дейді қаржы сарапшысы.

Есеп-қисап жайына қанығып, несие туралы білім алған округ басшыларына сертификат табысталды.

Жауһар Нұрым, 

Теректі ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале