14.09.2021, 12:42
Оқылды: 55

Кәсіби маманның жолы мектептен басталады

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында елдің бүгінгі тыныс-тіршілігіне талдау жасалып, алдағы атқарылар шаруалардың бағыт-бағдары берілді. Ел мен қоғамның одан әрі дамуының пайымы баяндалып, қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды стратегиялық міндеттер белгіленген.

 10

Қасым-Жомарт Кемелұлының биылғы Жолдауы өзінің нақтылығымен және мақсаттылығымен елдің алдағы жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарын айқындайды.

Мұны Президентіміздің «Менің бастамаларым – халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған» деген сөзінен-ақ аңғаруға болады. Бұл нақты практикалық істер бағдарламасы, сөзсіз, барлық қазақстандықтарға, ең алдымен, бізге, зиялы қауымның алдыңғы қатарлы бөлігі – ғалымдар мен педагогтерге қатысты», - деп атап көрсетті.

Жолдауда көтерілген мәселелер барлық қазақстандықтарды, бірінші кезекте ұстаздар құрамын бей-жай қалдырмайды. ҚР Президенті өткен жылы Үкіметке педагог мәртебесін және мұғалімдердің жалақысын арттыруды, отандық ғалымдарға ерекше назар аударуды, білім беру саласын жан-жақты қолдауды тапсырған болатын. Бүгінде бұл тапсырманың жай ғана сөз емес, іс жүзінде жүзеге асып жатқандығының куәгеріміз.

Биылғы Жолдауда да Мемлекет басшысы еліміздің әл-ауқатын дамыту мен экономикасын жетілдіру жолындағы ұстанған басты басымдықтарының бірі білім беру саласы екендігі баса көрсетілді.

Мемлекет басшысы бұл жолы да білім сапасын арттыру, ұстаздардың жалақысын көтеру мәселелері бойынша үкіметке нақты тапсырмалар жүктеді.

«Біз ұстаздарды қолдау саясатын жалғастыра береміз. Қазіргі жаһандық өзгерістер кезеңінде түлектің білімі еңбек нарығына шыққанға дейін-ақ жеткіліксіз болып қалуы әбден мүмкін. Сондықтан, құзырлы министрліктің алдында оқу бағдарламаларын жаңа жағдайға бейімдеу міндеті тұр. Бұл – кезек күттірмейтін шаруа» деді Мемлекет басшысы. Осы құжаттағы Президенттің «Министрлік білімді заманға бейімдеуі қажет», «білікті мамандар керек» деген уәждері үлкен міндет жүктейді.

Қорыта айтқанда, Президент Жолдауынан кейінгі түйін – білім беру саласының алдында кәсіби кадрларды даярлау тұрғысынан мемлекеттің үмітін ақтау міндеті тұр. Ертеңгі маман – бүгін мектепте білім алып жүрген жас ұрпақ.  Сондықтан да кәсіби мамандарды даярлаудың алғашқы сатысын атқаратын мектеп мұғалімдері алдына қойылған тапсырма зор екені анық.  Осынау игілікті істердің нәтижелі болуына сенім білдіремін және өз үлесімді қосуға мүдделімін деп санаймын.

 

Бағдар НАҒИМОВА,

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, зерттеуші педагог

Подстепный №1 ЖОББМ

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале