23.06.2022, 12:00
Оқылды: 73

Кәсіби мерекеде төсбелгілер тағылды

Жәнібек аудандық мәдениет үйінде полиция күніне орай салтанатты жиын өтті.

IMG_4564

Полиция қызметкерлерін мерейлі мерекесімен аудан әкімі Азамат Сафималиев құттықтап, жылы лебізін білдірді. Мерекеге орай аудан басшысы полиция қызметкерлеріне абыройлы еңбектері үшін марапат табыстады.

Дәлірек айтсақ, аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары, полиция майоры Ренат Рақымов, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Айшуақ Сейтқазиев, әкімшілік полиция бөлімінің бастығы, полиция майоры Мейрамхан Бапахов, көші-қон тобының аға инспекторы, полиция подполковнигі Тимур Мамытов, уақытша ұстау изоляторының бастығы, полиция аға лейтенанты Мерей Қарағойшин ҚР Ішкі істер министрлігі БҚО полиция департаментінің «Қазақстан полициясына 30 жыл» естелік төс белігісімен марапатталды.

Сонымен қатар аудандық полиция бөлімі әкімшілік полиция бөлімінің бастығы М.Бапаховқа облыс әкімі Ғ.Есқалиевтің алғыс хаты мен аудандық полиция бөлімінің аға тергеушісі Қуаныш Жұмақаевке,  аудандық полиция бөлімінің аға жедел кезекшісі Нұфтығали Төрешевке, жедел уәкілі Амандық Жақсығалиевке, ардагерлер кеңесінің төрағасы,  аудандық полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінің азаматтық және қызметтік қару айналымының бақылау инспекторы Нұрдос Сағынғалиевке БҚО полиция департаментінің бастығы М.Аблазимовтың алғыс хаты табысталды. Сондай-ақ аудан әкімі А.Сафималиевтің алғыс хаты аудандық полиция бөлімінің ардагері Бекет Әліпқалиевке, аудандық полиция бөлімінің көші-қон тобының инспекторы Жандос Мақсотовқа, аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы Мерзал Хубиевке, бөлімнің әкімшілік полиция бөлімшесінің инспекторы Бекболат Есімовке, бөлімнің уақытша ұстау изоляторының полицейі Еламан Шуринге табыс етілді. Одан бөлек жыл сайын өткізіліп жүрген спартакиаданың белсенді қатысушылары мен мерекеге орай өткізілген спорттық шаралардың жеңімпаздары марапатталды.

         Әрмен қарай аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары, полиция майоры Ренат Рафаэлұлы құттықтау сөз сөйлеп, аудандық полиция бөлімі бастығы Асқар Әбдірахмановтың алғыс хаты мен құттықтау хаттарды бір топ полиция қызметкерлеріне табыстады.

         Г.Мәди

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале