22.06.2022, 22:19
Оқылды: 50

Кәсіби мерекеге - салтанатты жиын

23 маусым - Қазақстан полициясы күніне орай Шыңғырлау аудандық мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті.  

A87E336C-9F3A-4F30-B4C3-28243F8CB49C

Шара барысында аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова тәртіп сақшыларын төл мерекелерімен құттықтап, полиция қызметіне саналы ғұмырын арнаған ардагерлерге және қызметінде үздік деп танылған сарбаздарға алғысхаттар табыс етті. Ауданның прокуроры Марат Ищанов Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры М.Н.Аблазимовтың атынан полиция мамандарына алғысхаттар табыс етсе, өз кезегінде аудандық ішкі істер ардагерлер кеңесінің төрағасы Марат Мамбетов те бірқатар ішкі істер қызметінің өкілдеріне марапат ұсынды.

Аудандық полиция бөлімінің бастығы С.Астафьев алғысхаттар мен әскери шені өскен офицерлерге салтанатты түрде пагондар табыс етті.

Мерекелік шара аудандық мәдениет үйінің көркемөнерпаздары дайындаған тамаша концерттік бағдарламамен жалғасты.   

Анар Ізмұхан,

Шыңғырлау ауданы

   zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале