28.12.2023, 11:28
Оқылды: 22

Кәсіпкердің ардагерлерге құрметі

Жымпитылық белгілі кәсіпкер,  «Аққу» сауда орталығының  жетекшісі Гүлфия Нигметова  әр жылы халықтың жанашыры ретінде түрлі шараларға  демеушілік етуде.

Кәсіпкерлердің ардагерлерге құрметі (1)

Ал, биылғы жылы  Гүлфия Гатайқызы  аудан орталығындағы он төрт зейнеткер ардагерлерге  Жаңа жылдық сый-сияпатты әзірлеуге  демеушілік етті.
Кәсіпкердің ардагерлерге арналған  сәлемдемесін  Жымпиты ауылдық округінің әкімі  Мейрам Қайырғалиев, орынбасары Қайрат Абсатыров, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мусірбек Айташев  иелеріне табыс етіп,  ардагерлерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
Ардагерлер арнайы келіп, сәлем берген,  Жаңа жылмен құттықтаған лауазым   иелеріне  алғыс айтып, баталарын берді.

Шынар   Яудақызы,

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале