1.09.2021, 16:59
Оқылды: 0

Кәсіпкерлікке тың серпін берері сөзсіз

Президентіміз пандемия кезеңінен кейінгі ел экономикасының дамуы туралы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында баса тоқталды.

ася

Індет кесірі елімізді де айналып өтпегеніне тоқталған Қасым-Жомарт Кемелұлы мемлекеттік бастамаларды реттеу үшін 2025 жылға дейінгі дамудың Ұлттық жоспарын және Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін қабылдап, Ұлттық жобалар бекітілетінін де баса айтты.

Расымен де пандемия көп жоспардың күл-талқанын шығарды. Десе де кәсіп иелері мен шаруалардың қолдауын үкімет бір сәтке де тоқтатқан жоқ. Тіпті төтенше жағдай кезінде де ел экономикасын дамытуға күш салған азаматтар мемлекет қолдауын сезіне алды.

«Атамекен» кәсіпкерлік палатасының аудандық филиалы басшысы ретінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту ісі де үкімет қолдауынан кенде болмағанын айта аламын.

«Бизнес бастау» бағдарламасының қатысушылары өз сабақтарын онлайн форматта өткізіп, қажетті сертификаттарын ғана емес, іс бастауға берілетін грандтарды да ала алды. Соның арқасында біраз тұрғын кәсібін бастай алды, оған індет кесірін тигізе алмады.

«Бизнестің жол картасы» бағдарламасының арқасында 66  мың жоба мемлекет тарапынан қолдау тапқанын және соның арқасында 150 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға және сақтап қалу мүмкін болғанын да Президент атап өтті.

Жалпы экономикалық дамуымызда оң үрдіс бар екеніне тоқталған мемлекет «Қарапайым заттар экономикасы» және «Бизнестің жол картасы» бағдарламаларының мерзімін 2022 жылға ұластырып, бұл мақсатқа бөлінетін қаржының жалпы көлемі кемінде бір триллион теңгеге жеткізгені ел дамуына әсіресе кәсіпкерлік саласына тың серпін берері сөзсіз.

 

Әсел Қартқожақова,

«Атамекен» кәсіпкерлік палатасы

Бәйтерек аудандық филилалының басшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале