31.08.2023, 9:15
Оқылды: 45

Казталовта шағын футболдан жарыс өтті

ҚР Конституциясы күніне орай Казталов ауылында мекеме және кәсіпорындар арасында шағын футболдан жарыс ұйымдастырылды. «Қайрат» шағын футбол алаңында өткен жарыстың ашылу салтанатына Казталов ауылдық округінің әкімі Ернар Ғалымов, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Берік Рахымғалиев, «Айбын» спорт клубының директоры Нұркен Ахметов қатысты.

20230830053036_IMG_6413

«Айбын» спорт клубының ұйымдастыруымен өткен жарыста аудан әкімдігі, аудандық ішкі істер бөлімі, аудандық экономика және қаржы бөлімі, «Қосөзен» шекара қызметі, «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты, «Қазақтелеком» АҚ аудандық филиалы, Казталов аудандық ауруханасы, С.Садықов атындағы аудандық мәдени-демалыс орталығы, аудандық орталық балалар-жасөспірімдер мектебі және аталған спорт клубтың командалары бақ сынады.

IMG-20230831-WA0009

Тартысты өткен ала доп бәсекесінде аудандық полиция бөлімі жүлделі І орын, аудандық орталық балалар-жасөспірімдер мектебінің командасы ІІ орын, ал «Қосөзен» шекара бөлімшесінің командасы ІІІ орынға ие болды.

Жарыс қорытындысына сәйкес Азамат Аубекеров «Үздік қақпашы», Ернұр Ержан «Үздік қорғаушы», Қайрат Қабиров «Үздік шабуылшы», Азамат Маратов «Үздік ойыншы» аталымдарына ие болды. Жеңімпаздар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

IMG-20230831-WA0012

Айта кетейік, шағын футбол ойындары биыл аудан әкімдігінің қолдауымен күрделі жөндеуден өткен «Қайрат» және «Серпін» шағын футбол алаңдарында өтті.

IMG-20230831-WA0010

Асылбек Нәсіпқалиұлы

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

IMG-20230831-WA0011

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале