29.03.2024, 16:15
Оқылды: 65

Қауіп сейілді. Бірақ ...

Биылғы жыл секілді өткен 2023 жылдың көктемінде бөрліліктерге оңайға соқпаған еді. Мәселен, былтыр су тасқыны болған Ақбұлақ ауылында бірден екі көшедегі 15 үйге су кіріп, соның алтауын арнайы комиссия жарамсыз деп таныды. Сөйтіп ауыл ішінен алты жаңа баспана салынған болатын.

су борли 2024

Биылда аталған ауылды су басу қауіпі жоқ емес. Дегенмен табиғи апаттың алдын алумақсатында ауылда жүйелі жұмыс жүргізілген.

Ауыл әкімі Ерлан Өмірғалиевтың сөзінше тасқынға қарсы жұмыс 1 наурыздан бері жүріп жатыр.

су борли 2024

- Қауіп сейілгендей болды, бірақ жайлануға ерте әрине. Ауылдағы қар суының еруіне қарсы күреске көмек қолын созған ауылдастарыма және өзіміздің жауапты қызметкерлерім үшін осы көктемге дайындық жұмыстары айрықша қиын болғаны рас. Наурыз айының бірінші күнінен бастап, ауылдың су мол жиналатын тұстарын анықтап, тез арада су ағысын бұру жұмысы және мекемелермен бірлескен күні-түнгі кезекшілік дамылсыз жүріп жатыр. Өзім бастап, қалың қауым қостап, 15 шақырым жолының жиегіндегі қар суын бұрып, жолға қауіптің беті біраз сейілді. Бірақ түбегейлі арқаны кеңге салатын кезге әлі ерте екені белгілі. Көршілес ауылдарға су кіріп жатыр. Ел біріксе, оны да өткерерміз. Ең бастысы адам өмірі  мен мал-жанның амандығы керек, - дейді Ерлан Болатұлы.

Сонымен қатар ауыл әкімі 500 дана қап құм дайын тұрғанын, қар суының ағу бағытындағы қар қол күші және техникалардың көмегімен ашылғандығын айта кетті.

Айым Нұрғалиева,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале