11.08.2022, 15:30
Оқылды: 62

«Қауіпсіз аула» акциясы аясында шара өтті

Теректі ауылының орталық стадионында аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен «Қауіпсіз аула» акциясы аясында шара өтті.

2

Оған аудан әкімдігінің, полиция бөлімінің өкілдері, аурухана қызметкерлері, жедел жәрдем бригадасы, білім беру бөлімі, БАҚ өкілдері, ұстаздар мен ата-аналар қатысты.

6

Акция барысында балалар мен ата-аналарға, ұстаздарға өрт кезіндегі алғашқы әрекеттер, жол қауіпсіздігі ережелері, суға бату кезіндегі алғашқы көмектің дағдылары практикалық түрде көрсетілді. Сонымен қатар балаларға сұрақтар викторинасы, асфальтқа бормен сурет салу сайысы, би флэшмоб ұйымдастырылды.

4

3

Шарадан соң  балаларға қауіпсіздік тақырыбындағы жаднамалар мен аудандық төтенше жағдайлар бөлімі әзірлеген тәттілер таратылды.

5

Айшабибі Мәмет,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале