31.12.2021, 10:38
Оқылды: 56

Қаулы талаптарының орындалуы қадағаланды

Кеше коронавирус індетінің алдын алу мақсатындағы мониторингтік топ мүшелері БҚО Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Батыс Қазақстан облысы аумағындағы карантиндік шектеу шаралары туралы» 2021 жылғы 27 желтоқсандағы №22 қаулысын түсіндіру және қаулы талаптарының орындалуын қадағалау мақсатында Жалпақтал ауылына рейд жұмыстарын жүргізді.

2952CBF6-DCF9-4EB0-99FA-F56410E3A80B

Жұмыс тобы құрамында аудан әкімі аппаратының мамандары, зиялы қауым өкілдері, жергілікті округ әкімдіктері аппаратының және полиция қызметінің мамандары болды.

EEF39403-4BC9-4A1B-AA00-8AEA951DD6C7

Мониторингтік жұмыс тобы Жалпақтал ауылындағы мейрамханалар мен дәмханаларды аралап, БҚО Бас санитариялық дәрігерінің қаулысын түсіндіріп, ондағы өзгерістерді атап өтіп, аталған бағыттағы кәсіпкерлік нысан иелерін хабардар етті.

639FB00E-9FAB-49A9-8E7F-0083FC929B30

Қаулыға сәйкес, мейрамханалар жұмысы маскалық режимде, арақашықтықты сақтай отырып, 50 пайыз адамнан аспайтындай сыйымдылық болу керектігін, «Ashyq» қосымшасы арқылы қызмет көрсету қажет екендігін жеткізді. Мобильді топ дәл осы бағытта түсіндіру жұмысын Казталов ауылында да жүргізді.

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале