10.01.2022, 9:41
Оқылды: 48

Қазақстан бізге ғана керек

Соңғы үш-төрт күн еліміз үшін ауыр сынаққа толы болды. Есеңгіредік. Сүріндік. Тайдық. Дегенмен, құламадық. 

Елдігіміз, бірлігіміз сынға түсті. Жаңаөзенде басталған бейбіт шеру арандатушыларға жол ашып, Қазақстандағы бірқатар қалалар "теңселді". Ару-Алматының бейнесіне зақым келді. Қаншама қазақ жараланды һәм қаза болды...

WhatsApp Image 2022-01-10 at 09.16.45

Иісі қазақтың жүрегі ауырды. "Қазақстанның батысында бір бала жыласа, шығысындағы бір ақын шаттықтың жырын жаза алмайды" дейді Ерлан Жүніс. Ақындардың дені  алаңдарда халықты сабырға шақырды, дені өлеңмен елдің амандығын тіледі.

Осы орайда ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың батыл қадамына, шұғыл шешімдеріне риза болдық. Ол сәт сайын еңсесі түскен қазақстандықтарды сілкінтті, ашынған елдің алдына шығып, бірлікке шақырды.

Қазір халық үлкен толқыныс үстінде. Әлеуметтік желілер ақпаратқа тұнып тұр. Сондықтан, нағыз тексерілген ақпарларға ғана құлақ асуды сұраймыз.

Жастар! Замандастар! Бойларыңыздағы жалынды, рухты ел дамуына жұмсайықшы.  Елді азғындыққа үндейтін арандатушылардың қолшоқпарына айналмайық. Осы бейбіт күнді аңсаған бабалардың аруағына, аналардың көз жасына құрмет білдірейік.  Әр қазақстандық Отанды ойлағанда, әр отбасыны да ойлауы тиіс.

Қазір жағдай тұрақталып келеді. Тәуелсіздігімізді сақтайық. Ел аман, жұрт тыныш болсын.

Әділет Орынбасаров,

жас ақын, Теректі аудандық мәслихат депутаты,

"Теректі жаңалығы-Теректинская новь" газетінің бас редакторы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале