14.03.2024, 9:45
Оқылды: 39

Казталов ауданы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Казталов ауданы әкімі Асланбек Сарқұловтың төрағалығымен өткен актив отырысында жаңадан тағайындалған аудан әкімінің орынбасары таныстырылды.

IMG20240314083952

Казталов ауданы әкімінің 2024 жылғы 14 наурыздағы №59-ө өкімімен Казталов ауданы әкімінің орынбасары лауазымына Айдар Менеев тағайындалды.

Аудан басшысы Айдар Қазбекұлын аудан активіне таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.

Айдар Қазбекұлы 1984 жылы дүниеге келген.

IMG20240314083957

Білімі жоғары. 2007 жылы М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын автомобиль жолдары мен аэродромдар салу мамандығы және 2020 жылы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін құқықтану  мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2006 жылы №27 жол-көпір құрылысы басқармасының 2-разрядты  жұмысшысы қызметінен бастаған.

2007-2009 жылдары №27 жол-көпір құрылысы басқармасының шебері;

2009  жылы «Уральскдорстрой» АҚ шебері;

2010 жылы «ASTRUM LTD» ЖШС-і шебері;
2010-2011 жылдары Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасының сумен қамту нысандарының құрылысы бөлімінің бас маманы;

2011 жылы Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының құрылыс сапасын бақылау бөлімінің бас маманы;

2011-2015 жылдары Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің бас маманы-мемлекеттік құрылыс инспекторы;

2015-2017 жылдары Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің бас маманы, мемлекеттік құрылыс инспекторы;

2017-2019 жылдары Орал қаласының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары, басшысы;

2020-2021 жылдары Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы  мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің бас маманы, басшысы;

2021-2023 жылдары Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары, басшысы;

2023 жылдың қазан айынан бастап Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.

Жанұялы, отбасында жұбайы мен үш баласы бар.

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале