17.04.2024, 23:49
Оқылды: 45

Казталов ауданы: ауыл әкімімен өткен жиында біраз мәселе қозғалды

Бүгін Жалпақтал ауылының Мәдениет үйінде Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Ғаділбек Әлібековтің ауыл тұрғындарымен кездесу жиыны өтті.

20240417160155_IMG_7712

Күн тәртібінде белгіленген Жалпақтал ауылдық округі бойынша ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерінің мал бағымы бағыттарын анықтау қажеттілігі, Жалпақтал ауылы тұрғындарының көшелер сайысы және үлкен футбол жарысын ұйымдастыру, Жалпақтал ауылы бойынша таза көше, таза аула бағамдары бойынша ауыл тұрғындары арасында үздіктерді анықтау сияқты тағы да басқа көптеген мәселелер қаралып, округ бойынша осы күнге дейінгі атқарылған жұмыстар мен алдағы уақытта атқарылар ауқымды істер туралы мәліметтер берілді.

20240417163209_IMG_7723

Сұрақ-жауап негізінде өткен кездесу жиынында ауылшаруашылығы өндірістік коопертаивтері мен ауыл тұрғындары өзара диалог орнатып, бір-біріне сауалдар жолдаса, ауыл әкімі Ғаділбек Әлібекұлы тұрғындарға қатысты барлық мәселелерді бірігіп шешуге үндеп, ауылдастарын ауызбірлікке шақырды. Жиын барысында тазалыққа көңіл бөлген тұрғындар ауыл көшелерінде малдың қиынан аяқ алып жүру мүмкін емес екенін және қыстан шыққан күл-қоқыстарды үй маңына үйіп қоймай уақытылы шығару керектігін тілге тиек етіп, әкімдікпен бірлесе жұмыстану жөнінде бастама көтерді.

Көше тазалығын сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің тиісті бабына сәйкес жеке малдарын бағымсыз жүргізгені үшін тұрғындарға айыппұл салынатыны ескертіліп, ауыл тазалығына тұрғындар тарапынан үлкен үлес қосу керектігі баса айтылды. Осы жұмыстарға әкімдік қызметкерлері де сөзбұйдаға салмай барынша қолғабыс жасап, ойға алынған бастамаларды үнемі тұрғындармен бірге жүзеге асыру керектігі айтылса, ауыл әкімдігі тарапынан жиналған күл-қоқыстарды уақытылы шығаруға көмек көрсетілетіні ескертілді. Бұл бағыттағы жұмыстарды «ТехСапаҚұрылыс» ЖШС жүзеге асыратын болады.

Жиын соңында ауыл әкімі Ғаділбек Әлібеков ауыл тұрғындары қойған сұрақтарға жауап берді.

Қыдыр Харесұлы, 

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале