11.05.2021, 10:16
Оқылды: 81

Казталов ауданы бәйге федерациясының президенті тағайындалды

Казталов ауданында ұлттық спортты ұлықтап, жастарды салауатты өмір салтына баулитын көптеген игі шаралар қолға алынып, жүзеге асуда. Әсіресе ат спортын дамыту жақсы жолға қойылып келеді. Бәйгеге шауып, байтал тізгіндеп жүрген жеткіншектер - соның бір мысалы. Бәйге аттарын жаратып, жас шабандоздарды дайындау мақсатында ауданда бәйге федерациясы жұмыс жасайды. Дарынды дарабоздарды дайындайтын орталықтың президенті де сайланған болатын. Көктерек ауылы Оразғали елді мекенінің тумасы Нұрболат Адиетов ағамыз бүгінде жаңа қызметіне кірісті.
7E9C3B1F-5ECC-4E99-B8BE-C1483DBFB4F2

- Жылқы – халқымыз үшін қасиетті жануар. Сан ғасырлар бойы бабаларымыз аттың үстінде ер жеткен. Жылқы қазақтың жексе көлігі, мінсе сәйгүлігі бола білген. Қазіргі жаһандану заманында жылқының орнын темір тұлпар басып, әртүрлі көліктер шығып жатқанымен, Қамбар ата мұрагерінің орнын ештеңе баса алмайды. Казталовтың жас өрендері ат құлағында ойнап, бәйгеден жеңіспен оралса деймін. Федерация көкпар тартып, бәйгеге қатысамын дейтін әр жас жігіттің қадамын қолдауға дайын, - деді Нұрболат Ибатұлы.

 "Ауыл айнасы" ақпарат

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале