18.04.2024, 23:21
Оқылды: 53

Казталов ауданы: қараөзендік азаматтар да Оралға көмекке барды

Бүгін Казталов ауданына қарасты Қараөзен ауылының бір топ белсенді азаматы көктемгі тасқын судан зардап шеккен Орал қаласына көмекке келді. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші осындай сын сағатта еліміздің иығығына түскен ауыртпалықты бөлісуге барған Қараөзен ауылының ер-азаматтары еселі еңбектерімен тасқын суды бөгеуге көп көмегін тигізді.

IMG-20240418-WA0109 (1)

- Біздер бүгін Қараөзен ауылының белсенді азаматтарының қатарында ауылдан 25 адам және қаладан 15 адам қосылып, Орал қаласына қол көмегін тигізіп, біраз еңбегімізді сіңірдік. Еріктілер тобын құраған азаматтардың қатарында осал жігіттер болған жоқ. Өздері бара алмаған кейбір ауыл тұрғындары қаржылай демеушілік білдірсе, Орал қаласына келгеннен кейін ауыл тұрғыны Сатыбаева Толғанай 25 мың теңге қаржылай демеушілік көрсетсе, Қуантаев Абзал ыстық тамақпен қамтамасыз етті. Елдің жағдайын түсініп, өз еріктерімен көмекке барған ауылдағы және қаладағы азаматтар мен кәсіпкерлерге қараөзендік ағайындар атынан алғыс білдіреміз, - дейді ауыл әкімі Нұрхат Булаев.

Қыдыр Харесұлы, 

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале