10.12.2023, 11:22
Оқылды: 29

Казталов ауданы: Сайлаушылар белсенділік танытуда

Күннің суығына қарамай Бостандық ауылындағы №224 сайлау учаскес­іне келіп, болашақ округ әкімін сайлап жатқан сайлаушылардың қарасы қалың.

IMG20231210095452

Бүгін сайлау учаскесіне Сармалаевтар отбасы келіп, таңдау жасады. Мұсабек ағамыздың отбасы елеулі күннен қалыс қалмай, сайлауға қатысты.

IMG20231210102338

- Біз бүгін өз таңдауымызды жасадық. Бүгін сайлау әділ өтіп, елдің тізгінін лайықты азамат ұстайды деген сенімдеміз! - деді Асланбек Мұсабекұлы.

IMG20231210095423

Сондай-ақ Бостандық ауылдық округіндегі №224 сайлау учаскесіне Ауған соғысының ардагері Темірбек Ғұбашев жолдасы Әлия апамызбен бірге келіп, дауыс берді. Ардагермен амандасып, әңгімеге тарттық.

IMG-20231210-WA0023

- Бүгін округіміздің әкімін сайлап жатырмыз. Ауылдастарымыз елді дұрыс басқаратын, халық үшін аянбай қызмет атқаратын лайықты азаматты таңдайды деп сенемін. Ең бастысы – елде тыныштық болсын! - деп, ақжарма тілегін жолдады.

Нұр Рахман, 

Казталов ауданы 

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале