14.04.2026, 17:45
Оқылды: 9

Казталов ауданында "Ашық әкімдік" өтті

image-14-04-26-03-26-1
Казталов ауданында, С.Садықов атындағы мәдени-демалыс орталығы ғимаратында халық үніне құлақ асатын “Ашық әкімдік” бірыңғай қабылдау күні ұйымдастырылды.
Қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, сондай-ақ аудандық бөлімдер мен мекеме басшылары қатысты. Кездесу барысында әрбір тұрғын өз сауалын ашық қойып, нақты жауап алуға мүмкіндік алды.
Тұрғындарды толғандырған негізгі мәселелердің қатарында жұмыссыздық, көшелерге жол салу секілді өзекті тақырыптар болды. Әрбір көтерілген мәселе назардан тыс қалмай, жауапты сала басшылары тарапынан тиісті түсіндірмелер беріліп, кейбір сұрақтар бойынша нақты шешу жолдары ұсынылды.
Гүлнұр Бөлешова
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале