6.10.2020, 16:42
Оқылды: 136

Казталов ауданында мектептерге планшеттер таратылды

Казталов ауданында Казталов мектеп-лицейі, А.Оразбаева, Ғ.Молдашев, К.Меңдәлиев атындағы мектептерге күні бүгін республикалық бюджет қаржысына алынған 100 планшет таратылды.

Planshet (3)

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылар мен тәрбиеленушілерге және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы қаулысына сәйкес әлеуметтік қорғалмаған санаттағы отбасылардан шыққан білім алушылардың қашықтан оқыту кезінде сапалы білімге қол жеткізу не қолдау көрсету мақсатында аталған мектептерге 100 планшет таратылды.

Еске сала кетсек, ағымдағы жылдың 24 қыркүйегінде 100 техникалық құрылғы оқушылардың қолданысына берілген болатын. Жалпы аудан бойынша қазіргі таңда 200 планшет білім алушыларға оқу мақсатында пайдалану үшін кері қайтарым негізінде қолданысқа берілді.

Әсем Болат,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале