27.03.2024, 22:55
Оқылды: 63

Казталов ауданында су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасып жатыр

Ауа райының жылынуына байланысты Казталов ауданы орталығында су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізілуде. Қардың еруі салдарынан Тәуелсіздік көшесіндегі 26 үйге қауіп төнуіне байланысты көшедегі еріген суды жолдың екінші жағына мотопомпамен айдап, қауіптің алдын сейілтті.

Су Казталов 2024

Бұл жұмыстың басында ауыл әкімшілік аппаратымен бірге ақылы қоғам қызметкерлері, 11 өрт сөндіру бөлімінің сарбаздарынан құралған екі құрам жұмыс жасап жатыр. Бірінші құрам таңертенгі сағат 9:00-ден бері 80-діктен төрт мотопомпа, 100-діктен бір мотопомпалармен су айдау жұмыстарын жүргізіп жатса, екінші құрам қоймадан 100 қап алып, қауіп төнген үйлердің айналасына төсеуде.

Су Казталов 2024

Айта кету керек, осы жұмыстың қақ ортасында жүрген бірнеше жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан ардагер Жанболат Қарабаев көлік жүргізуші ретінде қызмет жасайды.

 

Гүлнұр Бөлешова,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале