21.03.2024, 0:17
Оқылды: 9

Казталов ауданында су тасқынының алдын алу жұмыстары жүруде

Су тасқынына қарсы атқарылып жатырған іс-шаралар жөнінде Казталов аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, майор Ерген Тасқалиев берді.

IMG-20240320-WA0092

Казталов ауданы аумағында 2024 жылғы су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі іс шара жоспарына сәйкес аудандық штаб құрылып, көктемгі су тасқынына дайындық және өткізу бойынша жоспарлар жасақталып, бекітілді.

Жалпы аудан аумағында су тасқынының алдын алу мақсатында аудан бойынша республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар жолдарда орналасқан. Жалпы көлемі 312 метрді құрайтын 39 және ауылішілік 450 метрді құрайтын 75 су өткізу құбырларын тазалау, бітеу жұмыстары жүргізілді.

IMG-20240320-WA0088

Сонымен қатар, 2023 жылы Әжібай (Қызылту), Әбіш, Ордабай ауылдарына дамбаны көтеру жұмыстары үшін аудандық бюджет есебінен  4 млн. 623 мың теңге каржы бөлініп, қажетті жұмыстар атқарылды. «2021-2023 жылдарға су тасқынына қарсы іс-шаралар» Жол картасы аясында Қарасу ауылындағы дамбының төмендеген жерлерін қайта көтеру жұмыстары атқарылды.

Су тасқыны қауіпі бар 22 елді мекен анықталып, бақылауға алынды. (Казталов, Кошанкөл, Сексенбаев, Ордабай, Бостандық, Қаракөл, Әбіш, Жұлдыз, Көктерек, Қарасу, Жалпақтал, Қараөзен, Жаңажол, Жас, Ақпәтер, Қайынды, Ащысай, Сатыбалды, Әжібай, Қызылту, Беспішен, Көмекші ауылдарында 3929 тұрғын үйлер бар).

IMG-20240320-WA0097

Су тасқыны кезеңіне дайындық мақсатында қосымша 10 мың қапшық, 4 қайық және 28 су сорғы құралдары, 2 генератор, жанармайлардың қоры жасақталды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінен 10 мың дана қосымша қапшық беріліп, ауданға тасымалданды.

Сондай-ақ төтенше жағдай кезінде кәсіпкерлермен жыл басынан жалпы 27 ниет шарты жасақталды. (оның ішінде: қонақ үй, азық-түлік дүкендері, жанармай бекеттері, монша және мейрамханалар).

Су тасқынына қарсы аудан көлемінде 25 техника  (Уаз-4 бірлік, Камаз-1 бірлік, Кран-1 бірлік, ЗИЛ-1 бірлік, ГАЗ 66-2 бірлік, Трактор тіркемесімен-7 бірлік, Эксковатор-1 бірлік, Бульдозер-1 бірлік, Автобус-6 бірлік) мен 124 адам жұмылдырылатын болады. Бұған қосымша 62 жеңіл көлік, 34 жүк көліктері және 18 трактор тіркемесін су тасқыны кезеңінде пайдалануға кәсіпкерлік субъектілерімен ниет шарты негізінде жұмылдырылады деп күтілуде.

Қайрат Жақып,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале