22.06.2022, 17:45
Оқылды: 45

Казталов ауданында жолды күрделі жөндеу жұмысы қарқынды жүруде

Казталов ауданында жол құрылысы, соның ішінде республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар жолдардың күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды.

20220622_143658

Бүгінгі таңда аудан орталығы Казталов ауылынан облыс орталығына дейін заманауи қара жамылғы төселген жолмен қосылғанына бір-екі жыл ғана болды. Ендігі кезекте ауылдарды жалғайтын аудандық маңызы бар жолдарға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Өзіміз куə болғандай шалғайда жатқан Болашақ-Тасқала бағытындағы жолға қара жамылғы төсеу жұмыстары жасалуда.
Биыл сəуір айында Казталов-Қайыңды-Болашақ-Тасқала күре жолының 96-157 шақырымын күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Жөнделетін 61 шақырымның бүгінде 10 шақырымға жуығы көтеріліп, қара жамылғы төселген. Жолдың құрылыс жұмыстарын «ДСК Приоритет» ЖШС атқарып жатыр.

Алдағы уақытта жолдың құрылысы ойдағыдай аяқталса, Болашақ ауылдық округінің тұрғындары Тасқалаға, одан əрі Оралға асфальт жолмен зымырап барары сөзсіз.

Қайрат Жақып,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале