22.03.2018, 16:49
Оқылды: 1

Қазталов ауданының әкімі 27 мектептің оқушысына Наурыз мерекесін өткізді

Қазталов ауданының әкімі Абат Шыныбеков Ғ.Молдашев атындағы орта мектепте өткен мерекелік шараға аудандағы 27 орта және негізгі мектептің озат оқушыларын, көп балалы және тұрмысы төмен отбасылардың балаларын шақырған. «Наурыз шапағаты» аталған мұндай шара өңірімізде алғашқы рет өткілуде дейді ұйымдастырушылар.


 

 

Мерекелік шарада оқушыларды Наурыз мерекесімен құттықтап сөз сөйлеген аудан әкімі Абат Шыныбеков күллі түркі әлемінің ұлық мерекесі – Наурыз Қазақстан халқының өзара ынтымағын, бірлігі мен тату-тәтті тірлігін тереңдете түсуге қызмет етіп келе жатқаны жөнінде әдемі ой сабақтады. Сонымен бірге, аудан басшысы Наурыз мерекесін аудан жұртшылығы ұлан-асыр табыстармен, экономикалық және мәдени, рухани тұрғыдағы мол жетістіктермен қарсы алып отырғандарын жеткізді. Мұның бәрінің бастауы – жыл басы Әз-Наурызбен бірге келген ырыс пеIMG_7003н ынтымақ, ел-жұрттың ауыз бірлігі. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының нәтижесі деп түйіндеді өз сөзін Абат Абайұлы.

Қазақы костюмдер киген балақайлар алдында кең сахнада мерекелік қойылым шымылдық түрді. Мерекелік шараға қатысқан ән мен биден шашу шашты. Асық ату, қол күрестіру, секілді ұлттық ойын­дар мереке қызығын арттыра түсті.

Киіз үйдің жанына жиналған оқушылар  Наурыз мерекесінің ең басты қағидасы бір-біріне игі тілектер айтып, көрісу рәсімін жасады. Сонымен қатар тауық жылын шығарып салып, ит жылын сахан төріне шығарып қарсы алды. Келген ит жылы құр келмей оқушыларға сый-сияпаттарын ала келді. Ал Қыдыр баба келіп, оқушыларға батасын беріп, елімізге береке бақыт тіледі. Жер ана, Алдар көсе, Қожанасыр, Қаңбақ шал, Тазша бала, Мыстан кемпір сахна төрінен табылып, мерекелік кештің көркін қыздырды.

Қыстың суығы мен ызғарына қараймай мәз-мәйрам болған оқушылар ұйымдастырушыларға зор алғыстарын айтып, көңілді күйде тарады.

-Бүгінгі наурыз тойында алған әсерім өте зор. Алғашқы рет ұйымдастырылған Ұлыстың ұлы күні маған ерекше ұнады. Наурызда ұйымдастырылған ән шашуымен, ойындарымен ерекше болды. Осындай Наурыз той жыл сайын ұйымдастырылса екен,-дейді Ғ.Бегалиев атындағы орта мектептің оқушысы Мәди Еруалиев.

 

Тұрарбек АҚМУРЗИН,

Жалпақтал ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале