26.09.2022, 19:33
Оқылды: 55

Казталов ауданының әкімі әлем чемпионын қабылдады

26 қыркүйек күні Казталов ауданының әкімі Рүстем Зұлқашев дзюдодан Қызылорда қаласында 2007-2008 жылғы жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында чемпион атанған Эльнара Анарбекті қабылдады.

каз

Эльнара -  қазіргі уақытта Орал қаласындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернат колледжінің дзюдо күрес бөлімінің тәрбиеленушісі. Жас дзюдошыны нағашы атасы спортқа бейім болсын деп аталған спорт түріне тапсырған. Талапты, талантты, қайсар қыздың бүгінде спорттағы жетістіктері жетерлік.

каз2

Аудан әкімі Рүстем Мүлкайұлы ауданымыздың атын республикаға паш еткен Эльнара Анарбек пен алғашқы жаттықтырушысы Ғаділбек Сатыбалдиевке арнайы алғысхат пен естелік сыйлық табыс етті.

Айта кетейік, Эльнара Анарбек қазіргі таңда Азия чемпионатына дайындық жұмыстарын жүргізуде.

Бекарыс Әбіш,

Казталов ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале