Қазталов ауданының әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Кездесу барысында азаматтар негізінен жұмысқа орналасу, тұрғын үймен қамтамасыз ету, әлеуметтік қолдау және тұрмыстық жағдайларға қатысты өзекті сауалдарын ортаға салды.

Аудан басшысы әрбір өтінішті мұқият тыңдап, тиісті сала басшыларына көтерілген мәселелерді заң аясында зерделеуді және шешу жолдарын қарастыруды тапсырды. Сонымен бірге аудан әкімі тұрғындардың арыз-тілектері жергілікті атқарушы органдардың тұрақты бақылауында болатынын, ал барлық шешім қолданыстағы заңнамаға сәйкес қабылданатынын атап өтті.


Асылбек Нәсіпқалиұлы,
Қазталов ауданы