2025–2026 оқу жылының қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы өткізген «Үздік білім беру бөлімі – 2026» облыстық рейтингінің нәтижесінде Казталов ауданының білім беру бөлімі жүлделі ІІІ орынға ие болды.

Рейтинг білім беру бөлімдерінің қызмет тиімділігін, басқару сапасын, білім беру ұйымдарының даму көрсеткіштерін, білім сапасын арттыруға бағытталған жұмыстардың нәтижелілігін және жүйелі ұйымдастыру деңгейін кешенді бағалау негізінде айқындалды.
Жоғары нәтижеге қол жеткізгені үшін Казталов ауданының білім беру бөлімі ІІІ дәрежелі дипломмен, арнайы статуэткамен,
1 500 000 теңге көлеміндегі сертификатпен және планшетпен марапатталды.
Бұл жетістік – ауданның білім беру саласында жүргізіліп жатқан жүйелі реформалардың, тиімді басқарудың және педагогикалық қауымдастықтың кәсіби шеберлігі мен жауапты еңбегінің нақты нәтижесі. Сонымен қатар, бұл – білім беру ұйымдары басшыларының, педагогтердің, бөлім мамандарының және сала ардагерлерінің бірлескен еңбегінің жемісі.
Алдағы кезеңде де ауданның білім беру саласында қол жеткізілген оң тәжірибелерді жалғастырып, білім сапасын арттыруға, тиімді басқару мәдениетін нығайтуға және өскелең ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруге бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жалғасатын болады.
Жайна Қабиболла,
Казталов ауданы