29.06.2022, 17:45
Оқылды: 47

Казталов халқының 85 пайызы таза ауыз суды тұтынуда

Казталов ауданының 23 ауылына таза ауыз су өткізіліп, 25 мыңға жуық адам немесе халықтың 85% таза ауыз сумен қамтылған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында белгілі болды.

8f4a9a55-22ed-4a0c-957e-c00811cac379

-Былтыр  Жалпақтал ауылындағы екінші су көтергіш станция қайта жаңартылып, іске қосылды. Оған 262 млн. теңге жұмсалды.

Дәл осы жылы «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында Талдықұдық және Қоныс ауылдарын ауыз сумен қамту жұмысы басталып, жуық арада пайдалануға беріледі. Сонымен қатар Қараоба ауылдық округінің Еңбек ауылында 8 млн. теңгеге блок-модульді кешені орнатылып, биыл іске қосылады.

Бұдан бөлек жеті ауылға блок-модульді кешендерін орнатуға жоба дайын, қаражат бөлінсе жүзеге асады. Болашақта ауыз су өткізілмеген 16 елді мекенге су мәселесін шешу жолдарын қарастырамыз, - деді Казталов ауданы әкімі Рүстем Зулкашев.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале