1.09.2026, 16:30
Оқылды: 11

Казталовта 467 бүлдіршін алғаш рет мектеп табалдырығын аттады

Казталов ауданындағы 35 білім ошағында «Білім күніне» орай салтанатты жиын өтті. Аудан әкімі Асланбек Сарқұлов Қараөзен мектеп-лицейінде жаңа 2026–2027 оқу жылының басталуына арналған «Таза Қазақстан: Конституция құндылықтары – экологиялық мәдениет пен жауапкершіліктің негізі» атты салтанатты жиынға қатысып, аудан жұртшылығын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.

image-01-09-26-03-50-2

- Жаңа оқу жылында ауданымыздағы 35 білім беру ұйымында 5368 оқушының білім алуы жоспарлануда. Оның ішінде 467 бүлдіршін алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, барлығы қазақ сыныптарына қабылданды. Бұл – ана тілімізде білім алып, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп өсіп келе жатқан жас ұрпақтың қатары артып келе жатқанының айқын көрінісі. Өткен 2025–2026 оқу жылы ауданымыздың білім саласы үшін де нәтижелі жыл болды. 118 түлегіміз жоғары оқу орындарының білім грантына ие болды, — деген аудан әкімі ұстаздар қауымы мен оқушыларға жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар республикалық олимпиадаларда, ғылыми жобалар мен шығармашылық байқауларда жоғары нәтиже көрсеткен үздік оқушылар Аят Шоқат пен Аяулым Тілепбергенге білімін одан әрі дамытуға арналған ноутбуктер табыстады.

image-01-09-26-03-50-3

Жаңа оқу жылында білім мен тәрбиенің сабақтастығына, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарын оқу үдерісіне жүйелі енгізуге басымдық берілмек.

Оның негізгі мақсаты – білімді ғана емес, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, заң мен тәртіпті құрметтейтін, еңбекке адал әрі ел болашағына үлес қоса алатын азамат қалыптастыру.

Асылбек Нәсіпқалиұлы,

Казталов ауданы

image-01-09-26-03-50-4 image-01-09-26-03-50-6

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале