29.05.2019, 16:30
Оқылды: 37

Қазталовта алғаш рет «Музей түні» өтті

Қазталов аудандық тарихи-өлкетану музейінде алғаш рет «Музей түні» шарасы өтті. Бұл шараға аудан тұрғындарымен қоса көршілес аудандардың қосымша білім беру педагогтары қатысты.

muzei t (3)

         - 18 мамыр – Халықаралық музейлер күні. Мереке идеясы әлдеқайда бұрынырақ, яғни 1970 жылы Еуропада музейге келушілер дәстүрлі түрде тегін аралап шығуында жатыр. Ол кезде акция «Музей көктемі» деп аталып, мамырда өткізген. Тарихта музейлердің ұзақ түні деген атпен енген «Музей түні» алғаш рет 1997 жылы Берлин қаласында өткен. Ал «Музей түні» дәстүрлі түрде 2001 жылдың 18 мамырынан бастап ұйымдастырылуда, - деді Қазталов аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жандос Дүйсенғалиев.

         Алдымен аудандық музей ғимараты таныстырылды. Аталмыш музей жұмысын 1989 жылы кітапхана жанынан бастаса, 2018 жылдан бері С.Садықов атындағы мәдени-демалыс орталығы жанынан жұмыстануда. Музейде табиғат залы, аудан тарихы, негізгі бөлім және Тәуелсіздік залы бар. Шарада осы бөлімдердің ішіндегі әр экспозиция туралы кеңінен дәріптеліп, таныстырылды.

muzei (5)

         Келген қонақтарға «қазан шегелеу» дәстүрі дәріптеліп, викториналық сұрақтар қойылды. Сондай-ақ жиналғандар «ВИА» тобының концерттік бағдарламасын, қазақ күресін бірнеше позициясын тамашалады. Қонақтар ауданның жас өнерпазы, Қазталов мектебінің оқушысы Арсен Базарбайдың көз арбау өнерін көріп, шығармашылық орталықтың шеберлік сағатына қатысты.

Шарада музейдің дамуына үлес қосып жүрген жандар марапатталды.

Гүлім Манат,

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале