14.05.2020, 15:51
Оқылды: 103

Казталовта аудандық аурухананың жөндеу жұмыстары басталды

Жаңа әлеуметтік саясат ауыл тұрғындарының денсаулығына маңыз берді. Саламаттылық – алға қойған мақсаттарға жету үшін қажет. Қандай болмасын мемлекеттің дамуы да денсаулықпен байланысты екені хақ. Сондықтан елімізде бұл салаға баса назар аударылып келеді.
C0F6C96C-CE05-4E7D-9077-7C1553381AB3

Халықтың денсаулығын жақсарту үшін қажет нәрсенің барлығы жасалуда. Денсаулық сақтауды қаржыландыру үшін қыруар ақша бөлініп, аймақ, аудандарда жаңа емдеу орталықтары да бой көтеруде. Әлбетте әр ауылға бір-бір аурухана салып қою – мемлекетіміз үшін тиімсіз. Десе де ауруханаларға жөндеу жұмыстарын жүргізу де бір мүмкіндік.
35967BFF-91B9-4F13-B7AD-6F27B339F678

Мәселен, 20 жыл жөндеу көрмеген Казталов аудандық ауруханасына  "ADAL KÓMEK"  жобасы аясында жаңа стандартқа сай күрделі жөндеу жүргізілуде. Бұл тек ақхалаттылар үшін емес, халық үшін қуанарлық жағдай. Қазір "Жиенбай" ЖШС құрылыс жұмыстарын бастап кетті. Құрылыс жүріп жатқан жерге арнайы барып, жауапты адамдармен тілдестік.

 -Күрделі жөндеу мерзімі 6 ай. Ішкі жұмыстарын айырбастап қайтадан жаңасын саламыз. Яғни қабырғаны әрлеу, есік, терезе, едендерді ауыстыру және сыртқы жұмыстар біздің құзырымызға кіреді. Жергілікті жердегі жұмыспен қамту орталығынан 49 адам жұмысқа тартылмақ, - деді құрылыс басшысы Әділбек Каримов.

Жұлдыз Асқар

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале