12.12.2020, 15:41
Оқылды: 97

Казталовта аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер аудан тұрғындарымен кездесу өткізді

IMG_8139

12 желтоқсан күні «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы атынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Қайрат Жакупов, Мирлан Құсайынов, Сайда Сейтжанова, Гүлдана Даулетова С.Садықов атындағы мәдени-демалыс орталығында Казталов ауылдық округінің тұрғындарына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Үміткерлер сайлау науқанының еліміздің болашағы үшін маңызды екенін ескеріп, «Nur Otan» партиясының осы уақытқа дейінгі атқарған жұмыстарымен таныстыра отырып, алдағы сайлауда партияны қолдауға шақырды.

IMG_8167

Үгіт-насихат жұмыстарының басты бағыты «Nur Otan» партиясының алдағы бес жылдыққа арналған бағдарламасын кеңінен насихаттауға бағытталды. Сонымен қатар үміткерлер өздерінің сайлауалды бағдарламаларында көрсетілген бағыттар бойынша да түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

IMG_8149

Үгіт-насихат жұмыстары барысында тұрғындар үміткерлерге көкейлеріндегі сауалдарын қойып тиісті жауаптарын алды.

Асылбек Нәсіпқали,
Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале