3.02.2017, 15:45
Оқылды: 55

Қазталовта Данияр Елеусінов атындағы спорт кешені және футбол алаңы салынады

Бүгін ауданы әкімі Нұрлан Бекқайыр халық алдындағы есеп беруінде олимпиада ойындарының чемпионы Данияр Елеусінов атындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені және футбол алаңы салынады деген жаңалықпен бөлісті.

Сондай-ақ көптен бері шешімін таппай жүрген Қазталов ауылындағы 100 орындық мектеп жатақхана құрылысына өткен жылы 58 709, 0 мың теңге қаражат бөлініп, құрылыс жұмыстары басталып та кеткен. Құрылыстың жалпы құны – 286 485, 0 мың теңге болмақ. Жергілікті бюджет қаражатынан Жалпақтал ауылындағы бұрынғы аудандық қорғаныс істері бөлімінің ғимараты жөнделіп, 4 пәтерлі тұрғын үй ретінде әр салада еңбек етіп жатқан мамандарға берілген. 33 жеке тұрғын үй салынған.

Өткен жылы «Жұмыспен қамту жол қартасы – 2020» бағдарламасымен 314 млн. 339 мың теңге қаражат бөлініп, Қазталов, Жалпақтал ауылдарында ұзындығы 4,3 шақырым ауылішілік аутожолдарға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Сонымен бірге аудан бюджетінен бөлінген 5 млн. теңгеге ұзындығы 7 шақырымды құрайтын 11 көшенің жолдарын көтеру жұмыстары жүргізіліпті.

Мөлдір Әнуарбек,

Қайрат Жақып

Қазталов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале