Басты жаңалықтар
Оралда гараж бен шағын автобус жанып кетті
6 Желтоқсан 2023
Оралда гараж бен шағын автобус жанып кетті
Орал қаласында гараж бен шағын автобус жанып кеткен. Бұл туралы БҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.  Баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға кеше кешкі сағат…
Президент Есқалиевтер отбасына көңіл айту хатын жолдады
6 Желтоқсан 2023
Президент Есқалиевтер отбасына көңіл айту хатын жолдады
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өңірімізге танымал тұлға Нәжімеден Есқалиевтың қазасына орай марқұмның отбасына көңіл айту хатын жолдады. «Мемлекет және қоғам қайраткері Н.Ы.Есқалиевтің отбасы…
Су, қайдасың? Тамызда тапсырылуға тиіс нысан тұралап тұр
6 Желтоқсан 2023
Су, қайдасың? Тамызда тапсырылуға тиіс нысан тұралап тұр
Сырым ауданы Қособа ауылдық округінің әкімі Бейімбет Жайманов ауылдастарымен есептік кездесу өткізді. Жиналысқа Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов қатысты. «Жымпитыдан Қособаға ауыз су келеді деген?…
БҚО футбол қауымдастығы жылды қорытындылады
5 Желтоқсан 2023
БҚО футбол қауымдастығы жылды қорытындылады
Биыл Қазақстан футболына 110 жыл толды. Орал қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен БҚО футбол қауымдастығы жыл бойы футзалдан әуесқой командалар арасында қалалық ашық…
Оралдық студент БҚО төтенше жағдайлар департаментінің үздік волонтері атанды
5 Желтоқсан 2023
Оралдық студент БҚО төтенше жағдайлар департаментінің үздік волонтері атанды
Бүгін Батыс Қазақстан облысы ТЖД басшылығы жыл бойы ТЖ алдын алу және жою жөніндегі жұмысқа белсенді қатысқан волонтерларға алғысхаттар табыстады. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар…
Дулат Исабеков: «Ұлттық мемлекет еместігі АҚШ-тың түбіне жетеді»
5 Желтоқсан 2023

Дулат Исабеков: «Ұлттық мемлекет еместігі АҚШ-тың түбіне жетеді»

Оралда басына кірпіш тас құлаған әйел көз жұмды
26 Қараша 2023

Оралда басына кірпіш тас құлаған әйел көз жұмды

БҚО-да боранда жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды
24 Қараша 2023

БҚО-да боранда жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды

23 Қараша 2023

"Аруман" жылыжай кешенімен танысты

Шыңғырлауда өткен қабылдау
23 Қараша 2023

Шыңғырлауда өткен қабылдау

Шыңғырлау ауданында үш қабатты үй қолданысқа берілді
23 Қараша 2023

Шыңғырлау ауданында үш қабатты үй қолданысқа берілді

Казталовта еңбек ардагерлерімен кездесу өтті

Кез келген қоғамның дамуының негізі, барлық жоспарланған мақсатқа сәтті қол жеткізудің кепілі – еңбекқорлық пен табандылық. Жыл сайын елімізде қыркүйектің соңғы жексенбісі Еңбек күні аталып өтіледі.

90762FAB-1B68-4540-9DA1-B88616F394BE

Еңбек күнін мерекелеудің басты мақсаты – еңбекке деген құрметті жандандыру, жұмысшы кәсіптерінің мәртебесі мен беделін арттыру. Қазақстанның бүгінгі таңдағы зор жетістіктері еңбек ардагерлерінің, еңбек өкілдерінің жасампаз еңбектерінің арқасында жүзеге асқаны анық. Олар жастар бойына еңбекке, жұмысшы мамандыққа деген сүйіспеншілікті, Отанға деген жоғары патриоттық сезімді оятып, өздерінің бай кәсіби тәжірибесін жастармен бөлісуде.

Бүгін Еңбек күні қарсаңында ауданымызда «Amanat» партиясы Казталов аудандық филиалының және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен еңбек ардагерлерімен кездесу өтті.

Кездесуге ауданымыздағы еңбек ардагерлері, бөлім басшылары, мұғалімдер мен жоғары сынып оқушылары қатысты. Кездесуде «Amanat» партиясы Казталов аудандық филиалының төрағасы Сәкен Ищанов сөз алып, барша қатысушыларды Еңбек күні мерекесімен құттықтады және кездесуге шақырылған қонақтарды таныстырып өтті.

3460B39C-49AC-4228-972D-5DD7CE6FD306

Кездесу барысында еңбек ардагерлері кезек-кезегімен өз өмір жолдары туралы баяндап, еңбектегі тәжірибесімен бөлісті. Энергетика саласында табан аудармай 35 жыл еңбек еткен, «Еңбек ардагері» медалі иегері Мұқанғали Бақтығалиұлы Бектілеуов өзінің балалық шағы, еңбекке ерте араласқандығы мен сол замандағы кейбір қиыншылықтар туралы айтып, жас жеткіншектерге еңбектен қашпай, жалқаулықты  жеңе білу қажеттігі туралы ақылын айтты.

– Біз еңбекке ерте араластық. Оқушы кезімізден шөп шабу, қой қырқу деген сияқты жұмыстарды атқардық. Шамның жарығымен сабағымызды да оқыдық. Ол кездегі мектептің күйі де қазіргідей емес. Солардың біріне қарамастан біз еңбекке де, сабаққа да үлгеруші едік. Қазіргі сіздердің замандарыңыз керемет. Жарқыраған мектеп, жағдайдың барлығы жеткілікті. Сіздерден бар талап етілері тек ерінбей оқу ғана. «Адамды адам еткен еңбек» демекші болашақтағы зор жетістіктерің тек еңбектің арқасында болмақ, - деді Мұқанғали аға өз сөзінде.

92EA652B-B584-4E6E-98D1-4B36D92FC319

Әлеуметтік салада 40 жылдай еңбек еткен, «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған Әлия Төлемісқызы Жұмағазиева және Казталов аудандық ауруханасында қызмет еткен зейнеттегі рентгенолог-дәрігер Темірғали Ниетқалиұлы Сармалаев өз еңбек жолдарын, қызмет барысындағы қызықтар мен қиыншылықтар туралы өнегелі әңгімелерін айтып, балаларды еңбектің қиындығынан қашпауға, жақсы дағдыларды қалыптастыра білуге шақырды.

Мектеп оқушылары еңбек ардагерлеріне өз көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, еңбек ету, жұмыс, елге қызмет жасау турасындағы өз пікірлерін ортаға салды. Оқушыларға интелектуалдық сұрақтар қойылып, еңбек тақырыбындағы мақалдардың жалғасын табу ойыны ойнатылды.

Кездесу барысында белсенділік танытқан оқушыларға шағын сыйлықтар беріліп, еңбек ардагерлері арнайы  алғысхатпен марапатталды. 

Жансая Жұмажанқызы

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале