28.08.2026, 21:00
Оқылды: 5

Қазталовта кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Қазталов ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның жоспардан тыс отырысы өтті.

image-28-08-26-07-33-3

Жиынға аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Рашит Иманғалиев, комиссия мүшелері мен тиісті мамандар қатысты. Басқосудың негізгі тақырыбы кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстардың кешенді профилактикасы мен олардың алдын алу мәселелері болды.

image-28-08-26-07-33-2

Отырыста аудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Оразғали Уразмбетов баяндама жасап, балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы профилактикалық жұмыстарға тоқталды. Сондай-ақ аудандық білім беру бөлімінің балалардың құқықтарын қорғау бағытындағы әдіскері Наурызбек Бисекешов мектептерде атқарылып жатқан шаралар туралы хабарлады. Талқылау барысында құқық қорғау органдары, білім беру ұйымдары және ата-аналар арасындағы өзара байланысты күшейту қажеттігі айтылып, балалардың қауіпсіздігін қорғауға бағытталған тиісті ұсыныстар қабылданды.

image-28-08-26-07-33-1 image-28-08-26-07-33

Жайна Қабиболла,

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале