4.03.2021, 1:00
Оқылды: 73

Казталовта канвассинг форматында кездесу өтті

3 наурыз күні Казталов ауданына жұмыс сапарымен келген «Nur Otan» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев, «Nur Otan» партиясының Казталов аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Альберт Есалиев, «Nur Otan» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерболат Бекмулдин канвассинг форматы бойынша, аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары қызметін ұзақ жыл абыроймен атқарған еңбек ардагері, медиатор Марат Тоясовтың шаңырағында болды.

IMG-20210304-WA0004

Кездесу барысында Мұрат Мұқаев еңбек ардагері Марат Харесұлының еңбек еткен жылдарындағы игі бастамаларын тілге тиек етіп, ризашылығын білдіре отырып, қазіргі уақытта атқарып жүрген абыройлы жұмысына сәттілік тілеп, естелік сыйлық табыс етті.

«Nur Otan» партиясының Казталов аудандық филиалының төрағасы Альберт Темірболатұлы «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Казталов аудандық филиалының сайлауалды бағдарламаға негізделген Жол картасындағы атқарылатын жұмыстарды атап өтті. Қазіргі таңда кәсіби медиатор қызметіндегі Марат Тоясов ауданымыздағы өзекті мәселелер мен халықтың өтініш, тілегін жеткізді.

Кездесу санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілді.

Асылбек Нәсіпқали,
Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале