26.11.2018, 15:47
Оқылды: 76

Қазталовта Марат Елеусіновтің жүлдесіне арналған турнир өтті

         Қазталов аудандық спорт мектебінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы аясында КСРО спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген жаттықтырушысы, Қазталов ауданының «Құрметті азаматы» Марат Тəліпұлы Елеусіновтің жүлдесіне арналған бокстан облыстық ашық турнир өтті.

бокс (4)
Турнирге облыстың спорт мектебі мен аудандары, Маңғыстау облысынан 150-дей боксшы жасөспірім қатысты. Турнирдің ашылу салтанатында сөз алған аудан əкімінің орынбасары Сағынғали Бекжанов:

         - Марат Елеусіновтің жүлдесіне арналған турнирді ауданда 4 жыл қатарынан өткізіп келеміз. Жылдан-жылға жарысқа боксшы жасөспірімдер көптеп қатысуда. Барша сайысқа қатысушы жасөспірімдерге сəттілік тілеймін,-деді.
Турнирде боксшылар 22-50 келі салмақ дəрежесінде былғары қолғап түйістірді. Турнирдің жабылу салтанатында аудан әкімі Абат Шыныбеков:

          - Ауданда өткен облыстық ашық турнирге қатысушыларға алғысымды жеткізгім келеді. Ел намысын қорғау, оны асқақтату мына сіздердің қолдарыңызда, жас спортшылар. Бұл жеңістеріңіз үлкен жеңістердің бастамасы болсын,- деді.

         Шаршы алаңда қолғап түйістірген жас спортшылар марапатталып, медаль тағылды.

         2009-2010 жылы туған жасөспірімдер арасында 22 келіде қазталовтық Байкен Өтебай, 24 келі салмақ дәрежісінде бостандықтық Абылай Ермек, 26 келіде бірінші тобында бостандықтық Миран Жүсіпов, екінші тобында Орал қаласынан келген Таймас Қадер, ал 28 келі салмақ дәрежесінде жаңаөзендік Нұрас Балқанмұрат топ жарса, екінші топта қайыңдылық Жәңгір Амангелді қарсыласын ұтып, 32 келі салмақ дәрежесінде қайыңдылық Ерген Тасболатов ашық турнир жеңімпаздары атанды.

         2007-2008 жылы туғандар арасында 28 келі салмақ дәрежесінде оралдық Алдияр Исқақов, маңғыстаулық Қанжар Яуметдин, 30 келіде қазталовтық Ерасыл Мәлік, зеленовтық Мансұр Аман, 32 келіде оралдық Эльхам Мамедов, 34 келі салмақ дәрежесінде қайыңдылық Мерген Тасболатов пен Мерхат Жасұлан, маңғыстаулық Бекзат Боранбай, 40 келіде зеленовтық Назар Жүсіп, 50 келі салмақ дәрежесінде зеленовтық Әзірет-Әлі Егізбаев чемпион атанды.

         Соңғы топ 2005-2006 жылғы туғандар арасында оралдық Аманат Нұрымбек, қазталовтық Мақсат Құрманбаев, оралдық Бекзат Қабдолла, Ақылжан Сансызбай, Ұлан Жанұзақов, Бекарыс Қабдолла, Бекарыс Қабдоллалар мен жаңаөзендік Алмат Нұрлыбай, бостандықтық Бекарыс Марат қарсыластарын ұтып, бірінші орыннан көрінді.

         Жарыстың төрешісі болған Асхат Рыспаев Бейбарыс Қабдоллаға «Үздік боскшы», Аманат Нұрымбекке «Үздік техникасы үшін», Мадир Иран «Жеңіске деген жігерлігі үшін», Ақтілеу Кенжеғалиевке «Үздік төреші», Марат Мұхамбетовке «Үздік жаттықтырушы» аталымдарын берді.

бокс (2) бокс (3)

Гауһар ӘДІЛЖАН,

Қазталов ауданы

 

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале