9.10.2020, 15:34
Оқылды: 40

Казталовта "Мейірімділік жолы" акциясы өтті

Бүгін Казталов ауданы Жалпақтал ауылында Казталов аудандық ерікті мүгедектер қоғамының төрайымы Саида Сәтжанова мейірбандық айлығы шеңберінде "Мейірімділік жолы" акциясын ұйымдастырды.

Jalpaktal (1)

Акция барысында Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне теңестірілген ІІ топ мүгедегі Мерғарап Акмалиевке бөлмелік қоларба табыс етілсе, Ұлы Отан соғысының ардагері Жұмат Сәрсембиев ақсақалға Қариялар күніне орай арнайы сыйлықтар ұсынылды. Сонымен қатар ауыл әкімі Әлия Нәсіпқалиқызының ұсынысымен Жалпақтал ауылындағы аз қамтылған екі тұрғынға қайырымдылық айлығы шеңберінде шағын сыйлықтар берілді.

Jalpaktal (2)
Аталмыш акцияны өткізген аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Мирлан Құсайынов, үйден көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі Бақытжамал Қазиханова, Жалпақтал ауылындағы әлеуметтік кеңесші Маржан Төрениязовалар тұрғындар ілтипатына бөленді.

Jalpaktal (3)

Jalpaktal (4)

Jalpaktal (6)

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале